"Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

1293

Елордада алдағы күндері күндіз көшпелі бұлт шығып, құбылмалы ауа райы сақталады.

"Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Елордада алдағы күндері күндіз көшпелі бұлт шығып, құбылмалы ауа райы сақталса, ал түнде температура төмендейді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

"Қазгидрометтің" болжамынша, сәрсенбіде елордада күн бұлтты болады, аздап қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан  соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде -9...-11°С, күндіз -6...-8°С.

"10 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, түнде аздап қар жауады. Солтүстік-батыстан екпіні 7-12 м/с жетітін жел соғады. Ауа температурасы түнде -21...-23°С, күндіз -14...-16°С құрайды.

11 қаңтарда да күн бұлтты болып, аздаған қар жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде -26...-28°С, күндіз -15...-17° көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу