"Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

1092

Дүйсенбі мен сәрсенбі аралығында елордада сынап бағанасы -17 градустан жоғары көтерілмейді.

"Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Астанада аяздың беті қайтты, алдағы үш күнде ауа температурасы -17 градустан көтерілмейді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, дүйсенбі, 24 желтоқсанда Қазақстанның бас қаласында күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жылдамдығы 5-10 м/с жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде -26...-28 °С, күндіз -20...-22 °С құрайды.

"25 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с жетеді. Сынап бағанасы түнде -30...-32 °С, күндіз -20...-22 °С көрсететін болады", – делінген синоптиктердің хабарламасында.

Сәрсенбі, 26 желтоқсанда да көшпелі бұлт шығып, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы -27...-29 °С, күндіз -17...-19 °С құрамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу