"Қазгидромет" алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

943

Алдағы үш күнде елордада күн құбылмалы болып, қар жауады.

"Қазгидромет" алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Алдағы үш күнде елордада күн құбылмалы болып, қар жауады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің хабарлауынша, 23 қаңтарда Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -13…-15 °С, күндіз -5…-7 °С құрайтын болады.

24 қаңтарда күн бұлтты, кей жерлерде қар жауады. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы 9-14 м/с жел соғады. Күндіз оның екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді деп болжануда. Сынап бағанасы түнде -10…-12 °С, күндіз -7…-9 °С көрсетпек.

25 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -25…-27 °С, күндіз -12…-14 °С құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу