Қазгидромет Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады

111

Бұған дейін синоптиктер көктемгі ауа райы болжамын ұсынған еді. 

Қазгидромет Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады Фото: Pinterest

"Қазгидромет" Астана, Алматы және елдің басқа да қалаларындағы тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– 2025 жылғы 20 ақпанда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауа сапасының нашарлауы Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл желдің болмауы, әлсіз жел, тұман, инверсия сияқты қысқа мерзімді табиғи факторлардың жиынтығы. Олар жер бетіндегі ауа қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді.

Сондай-ақ алдағы маусым орташа нормадан 1-2 градусқа жылырақ болады, бірақ температураның күрт өзгеруі байқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу