EXPO көрмесінің "кереметтері" бір ғана ауыл шаруашылығында ғана емес, көп салада кәдеге жарауда. Мәселен "Қазгидромет" орталығы Финляндияның ауа тазалығын тексеретін технологиясын сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлайды khabar.kz.
Қондырғының дәлдігі өте жоғары әрі күннен қуат алады. Бастысы датчиктерді орнату үшін жеке жер учаскесін бөлудің қажеті жоқ. Кез келген жерге, тіпті бағанаға да бекіте салуға болады. Ал қолданыстағы ресейлік құрылғылар арнайы бекетке орнатылады. Финдік қондырғының бір ғана кем тұсы бар. Азот оксиді мен күкірт сутегін анықтай алмайды.
"Екі компонентпен толықтыратын болса, онда бұл датчиктерді қалада орнату көзделіп отыр. Ресей газ талдауыштары біздегі автоматтық бекетте тұр. Ол пункт жер учаскесінің бөлінуін талап етеді. Ал финдік құрылғыда оның барлығы бір датчикте орналастырылған",- деді "Қазгидромет" РМК зертхана басшысы Дана Аманбаева.