"Қазгидромет" ауа райына байланысты ескерту жариялады

834

"Қазгидромет" РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Қазгидромет" ауа райына байланысты ескерту жариялады

Атап айтқанда, 7 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

7 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 40 градус қатты аязсақталады.

Түнде 7-8 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде 37 градус қатты аяз болжанады.

7-9 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады. Түнде 7 қаңтарда жекелеген аумақтарда 25 градус аяз тұрады.

7 қаңтарда Шымкент қаласында кей уақытта тұман күтіледі.

7 қаңтарда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Күндіз облыстың батыс бөлігінде көктайғақ болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу