"Қазгидромет" ауа райына байланысты ескерту жариялады

848

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 12 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.  

"Қазгидромет" ауа райына байланысты ескерту жариялады

Кей жерлерде 11-13 қараша күндері тұман, 12-13 қарашада көктайғақ болады.

11-12 қараша аралығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады, 12 қарашада екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Тараз қаласында 11-13 қарашада кей уақытта тұман түсуі ықтимал. 12 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде 11 қараша күні жауын жауады. 11-12 қараша күндері кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Петропавлда 11-12 қараша аралығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 11 қарашада тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 23 метрге жетеді.

Өскеменде 11 қарашада күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Семейде 11 қараша күні күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу