Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

178

11 желтоқсанда елдің 15 өңірінде ауа райы құбылмалы болады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады Фото: Владимир Третьяков

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, орталықта тұман.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты аяз 25-27 градус күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с.

Қостанай облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман.

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с, күннің екінші жартысында екпіні 23 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу