Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қарағанды облысы бойынша "Қазгидромет" РМК филиалының директоры Роман Андрианов пен "Қазгидромет" бас директорының орынбасары Нүркен Сұлтановты ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" хабарлайды.
"Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен Нүркен Сұлтанов Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4–тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Сот мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқынан айырып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Роман Андриянов ҚК-тің 366- бабының 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айрылды", – деді астаналық сот баспасөз қызметі.
Бейсенбі күні "Қазгидромет" баспасөз қызметі кәсіпорын жүргізіліп жатқан тергеу шараларына қолдау көрсетіп, барлық сұратылған материалдарлды еш кедергісіз беруді қамтамасыз еткенін жазған болатын.
"Биылғы жылдың 17 сәуірінде Нүркен Сұлтанов энергетика министрілігіне өз еркімен еңбек шартын бұзу туралы өтініш берген. Аталған басшылар ұсталғаннан кейін өкілетті органдар тексеріс жүргізіліп, кәсіпорын жұмысында ешқандай заңбұзушылық жоқ екені анықталды", – деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, биылғы жылдың қаңтар айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері "Қазгидромет" РМК-ның бірнеше басшысын ірі көлемде пара алу күдігі бойынша ұстаған еді.