Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында – тұман, күндіз көктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде және орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман, көктайғақ болады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болжанады.
Ақмола облысының батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз оңтүстік-батыста екпіні 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болжанады. Күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с артады.
Қостанай облысының солтүстігінде және батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысын тұман басады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, өңірдің солтүстігінде және батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады. Күндіз облыстың батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз батыста және орталықта күші 15-20 м/с артады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыста, батыста желдің екпіні 15-20 м/с артады. 12 ақпанда облыстың басым бөлігінде қар, бұрқасын болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.