Қазгидромет демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

976

Қазгидромет демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

"Қазгидромет" РМК 17-19 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Синоптиктердің болжамынша, кең алқапты және күшті антициклон Қазақстан аймағының басым бөлігіндегі суық ауа райын ұстап тұруын жалғастырады.

"Ең төменгі түнгі ауа температурасы минус 10…18°С градус, республиканың оңтүстік жартысында кей жерлерде минус 20…28°С градус белгіленді, ол климаттық нормадан 8…15°С градус төмен" делінген хабарламада.

Бірақ Батыс Сібірдің және Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік жартысы арқылы жылжыйтын атлантикалық циклондардың әсерінен, Қазақстанға Атлантикадан жылы және дымқыл ауа түсуін бастайды. Онымен демалыс күндері температураның жоғарылауы болжанады, сондай-ақ кей жерлерде қар, бұрқасын, желдің күші 15…20 м/с дейін жетеді.

Республиканың оңтүстігінде әзірше жауын-шашынсыз, бірақ температураның жоғарылауы күтіледі, ал оңтүстік-шығыста жексенбіде және дүйсенбіде әсіресе таулы аймақтарда қар күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу