"Қазгидромет" еліміздің 8 облысында күн райына байланысты ескерту жариялады

940

25-27 қыркүйек күндері еліміздің бірқатар облысында қатты жел соғады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.  

"Қазгидромет" еліміздің 8 облысында күн райына байланысты ескерту жариялады

25-27 қыркүйекте Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында күші 15-20 м/с, 27 қыркүйекте түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с жел күтіледі. 25 қыркүйекте түнде таулы және тау бөктері аудандарында 1-3 градус үсік сақталады. Тараз қаласында 27 қыркүйекте түнде және таңертең 25 м/с жел күтіледі.

25 қыркүйекте Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде және батысында екпіні 15-20 м/с жел күтіледі. Облыстың батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында тұман күтіледі.

25 қыркүйекте Түркістан облысының таулы аудандарында және батысында шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

25 қыркүйекте Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жел күтіледі. Ақтөбе қаласында 25 қыркүйекте соғатын жел екпіні 16 м/с болмақ.

25 қыркүйекте түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарда, тау бөктерінде 1-3 °С үсік сақталады. Талдықорған қаласында 25 қыркүйек күні түнде 1-3 °С үсік күтіледі.

25 қыркүйекте Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде және шығысында жел екпіні 15-20 м/с болмақ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу