Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

116

Қазгидромет 10 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.  

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады Фото: http://stihi.ru

Cиноптиктердің болжамынша тек республиканың орталығында күн жауын-шашынсыз болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кәсіпорынның хабарлауынша, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде елдің батысында, шығысында жаңбыр мен қар жауады.

Орталық Қазақстанда күн жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, елдің оңтүстігінде, шығысында дауыл тұрады.

"Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге батыс циклонының ықпалы тиіп, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, жел күшейеді, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу