Қазгидромет Каспий теңізінің бүгінгі жай-күйін айтты

247

3 мамырдағы жағдай бойынша Жайық өзені – Атырау қаласы маңында су деңгейі 471 см құрады.

Қазгидромет Каспий теңізінің бүгінгі жай-күйін айтты Фото: advantour.com

Қазгидромет Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейінің жай-күйі туралы хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында атап өткендей, 3 мамырдағы жағдай бойынша Каспий теңізінің деңгейі оның солтүстік-шығыс бөлігінде Пешной теңіз станциясының деректері бойынша Балтық жүйесі бойынша -27,87 м белгісіне жақын, шығыс бөлігінде Форт-Шевченко, Ақтау, Құлалы арал деректері бойынша Балтық жүйесі бойынша -29,16 м белгісіне жақын орналасқан.

"Пешной теңіз станциясындағы теңіз деңгейінің көтерілуі Жайық өзеніндегі су тасқыны кезеңімен байланысты және жыл сайын сәуір-мамыр айларында әртүрлі қарқындылықпен қайталанады. 3 мамырдағы жағдай бойынша Жайық өзені – Атырау қаласы маңында су деңгейі 471 см құрады. "Қазгидромет" РМК-ның 2-7 мамырға жасаған болжамына сәйкес Солтүстік Каспийде теңіз деңгейінің орташа мәні -27,77 м-ден -29,3 м-ге дейінгі ауытқулармен минус 28,5 м белгісіне жақын болады деп күтілуде. Желшегерме-желкөтерме құбылыстары күтілмейді, теңіз деңгейінің ауытқуы 15 см-ден аспайды", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу