"Қазгидромет" Қазақстанның 9 облысында ескерту жариялады

917

Қазақстанның 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Қазгидромет" РМК-на сілтеме жасап.  

"Қазгидромет" Қазақстанның 9 облысында ескерту жариялады

10 тамызда Нұр-Сұлтанда және Көкшетауда найзағай ойнайды. Ақмола облысының кей жерлерінде де найзағай ойнайды.

Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Павлодар қаласында найзағай ойнап, түнде тұман түседі, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде 10-12 тамызда күндіз 35-36 градусқа дейін аптап ыстық болады, өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының кей жерлерінде 10 тамыз күні күндіз шығыс, оңтүстік-шығыстан соғатын жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырауда күндіз 37-39 градусқа дейін апап ыстық болады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 40 градус ыстық болады. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады. Оралда күндіз 37 градус ыстық болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағандыда күндіз 10 тамызда найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Петропавлда 10 тамызда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу