Қазгидромет: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту

596

"Қазгидромет" 4 қаңтар күні еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазгидромет: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту Фото: mail.kz

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Шымкент қаласында көктайғақ болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с.

Алматы қаласында қалың қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с жел соғады.

Абай облысында жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с жел соғады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың орталығында, шығысында 23 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Талдықорған қ.: 04 қантарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні облыстың орталығында 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Астана қаласында бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде кей уақыттарда 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Ұлытау облысының түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу