"Қазгидромет" мамандарының жалақысы өседі - министр

480

Биыл жалақы 26-дан 111%-ға дейін өседі.  

"Қазгидромет" мамандарының жалақысы өседі - министр Фото: lada.kz

Биыл "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің еңбекақысы артады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова өзінің Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазгидромет" қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін қаражат бөлуге қол жеткіздік. Биыл олардың жалақысы 26-дан 111%-ға дейін өседі. Бүгін Сенат "Республикалық бюджетті түзету туралы" Заңды қабылдады. Онда "Қазгидромет" қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қаражат қарастырылған. Соңғы екі ай бойы кәсіпорын бюджетін ұлғайтуды сұраған едік", - деп жазды Зүлфия Сүлейменова.

Министр ведомство тарапы орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінің де жалақысын көтеру үшін де жұмыстың жүріп жатқанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу