Қазгидромет сел қаупіне мониторинг жүргізе бастады

260

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова айтты.

Қазгидромет сел қаупіне мониторинг жүргізе бастады Фото: Казконтент

Мамырдан қыркүйекке дейін созылатын сел қауіптілігінің күшеюі кезеңінде "Қазгидромет" РМК Қазақстанның таулы аумақтарында жауын-шашыннан болатын сел қаупіне мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"Күн сайын консультациялар, болжамдар және дауылды ескертулер қоса жүретін сел қаупі туралы бюллетень шығарылады. Ақпарат әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік уәкілетті органдарға және халыққа таратылымдар мен интернет-портал арқылы беріледі. Барлық деректер "Қазгидромет" РМК сайтында қолжетімді", - деді "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу