"Қазгидромет" синоптиктері 13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады

177

Бүгін баяу жылжитын антициклон әсерінен еліміздің барлық аумағында күн жауын-шашынсыз болады. 

"Қазгидромет" синоптиктері 13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады Фото: kaztag.kz

Солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, елдің орталығында фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, шығыста найзағай ойнайды. Ел аумағы бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта түнде және таңертең тұман болады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында Қарағанды облысының шығысында, Алматы облысының орталығында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу