"Қазгидромет" синоптиктері 16 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады

168

Ел аумағы бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте, елдің орталығында тұман болады. 

"Қазгидромет" синоптиктері 16 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады Фото: 24.kz

Бүгін солтүстік-батыс циклонының әсерінен еліміздің басым  бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Найзағай ойнап, бұршақ пен жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде нөсер жауын болады.

Күндіз Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Атырау,  Абай облыстарында, Ұлытау және Жетісу облыстарының шығысында, Қарағанды облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, орталығында, Маңғыстау облысының  батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл,  Ұлытау және Жетісу облыстарында, Атырау облысының  оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу