"Қазгидромет": Су деңгейінің көтерілу қаупі бар

609

Синоптиктер 29 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.  

"Қазгидромет": Су деңгейінің көтерілу қаупі бар Фото: qazaqstan.tv

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, Қазақстанның батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен жауын-шашын күтіледі, деп жазады inbusiness.kz.

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың қалған бөлігінде жоғары қысымды алқаптың әсерінен күн жауын-шашынсыз өтеді.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте найзағай ойнап, солтүстікте көктайғақ болады.

"Алдағы тәулікте еліміздің оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендердегі, сондай-ақ республиканың жазық аумағындағы өзендерінде қардың қарқынды еруі, еріген ағынды сулардың қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі күтіледі", - деп хабарлады "Қазгидромет".

Жауын-шашынның болжамына байланысты оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде шамамен 0°С, күндіз +12+14°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +21+23°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, күндіз – жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +23+25°С.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу