"Қазгидромет" су тасқынының екінші толқыны қаупі бар өңірлерді атады

262

"Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова су тасқынының екінші толқыны қаупі бар өңірлерді атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазгидромет" су тасқынының екінші толқыны қаупі бар өңірлерді атады Фото: egemen.kz

"Ақмола облысындағы салалар бойынша Есіл өзені суының түсуінен (Жабай, Қалқұтан) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында, Батыс Қазақстан облысында – Ресей аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуінен, Атырау облысының аумағында – Батыс Қазақстан облысының аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуінен су тасқыны қаупі туындап отыр", - деді спикер Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингіде.

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында орналасқан таулы өзендерде су тасқыны кезеңі әдетте жазық өзендерден кейін өтеді.

"Қазіргі уақытта Ақмола облысындағы Есіл өзенінің кейбір салаларында су тасқыны үдеді, бұл Есіл өзенінде су деңгейінің қайта көтерілуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ су деңгейінің көтерілуі Нұра өзенінің төменгі ағысында жалғасуда", - деді А. Исмагулова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу