ҚАЖ мекемелерінде коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды

928

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация басталды. Егу іс-шараларын ҚАЖ-дың барлық аумақтық департаменттерінде жүргізу жоспарлануда, деп хабарлайды  inbusiness.kz ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап.

ҚАЖ мекемелерінде коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды

Егу Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/10 мекемесінде 9 наурызда басталды. 100-ге жуық сотталғанға екпе алып, 60 адам препаратты қабылдаудан бас тартты.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Қызылорда облыстарының ҚАЖ жеке құрамы вакцинациядан өтті, қалған ҚАЖ департаменттері вакциналауды өткізу кестесіне сәйкес алады.

Елімізде барлығы 80 мекеме жұмыс істейді, ондағы сотталғандар саны шамамен 32 мың адам. 

Айта кетсек, елімізде халықты коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялау 1 ақпаннан басталды. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес жұқтыру қаупі жоғары, әсіресе вирус жұқтыруға және оның таралуына бейім адамдардың тізімі анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу