"Қажеті жоқ": Шерзаттың отбасы халықтан ақша жинамауды сұрады

2670

Кеше Еңбекшіқазақ ауданында марқұм Шерзат Болаттың үйі өртке оранған болатын.

"Қажеті жоқ": Шерзаттың отбасы халықтан ақша жинамауды сұрады Фото: Бейнежазбадан

Осы жағдайдан кейін Алматы облысының әкімдігі марқұмның туыстарына уақытша баспана ұсынған еді, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Зардап шеккен отбасының ата-анасында, яғни Шерзаттың ата-әжесінде баспана бар. Сондықтан әкімдік ұсынған үйден бас тартты. Қазіргі уақытта өртенген үйді толық қалпына келтіруге тапсырма берілді. Сонымен қатар, отбасына материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі", – делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.

Шерзаттың әкесі ешқандай ақша жинаудың қажеті жоғын айтты.

Желіде Шерзаттың суретін пайдаланып, қайғылы оқиғадан біреулер пайда көргісі келгенге ұқсайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу