Қажылық-2026: Сауд Арабиясы Қазақстанға 4 мың квота бөлді

645

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрі Тауфиқ ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесті.  

Қажылық-2026: Сауд Арабиясы Қазақстанға 4 мың квота бөлді Фото: muftiyat.kz

Кездесу барысында Қазақстанға 2026 жылғы қажылық маусымына 4000 қажылық орны бөлінгені белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасап.

"Кездесу барысында тараптар 2026 жылғы үлкен қажылық маусымын жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты талқылады. Бас мүфти қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызмет сапасын арттыру, орналастыру және көлік жүйесін жетілдіру, сондай-ақ ақпараттық және медициналық қызмет көрсетуді тиімді үйлестірудің маңыздылығына тоқталды", – деп жазды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Ресми кездесуден кейін тараптар 2026 жылғы үлкен қажылық маусымын ұйымдастыруға қатысты екіжақты келісім құжатына қол қойды.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Сауд Арабиясы визасыз, яғни заңсыз жолмен қажылық ұйымдастыруға тырысатын фирмалардың қызметіне тосқауыл қою бойынша өзара ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды күшейтуге келісті.

Еске салайық, 2026 жылғы қажылық сапарын ұйымдастыру бойынша туроператорлардың арасында өткізген байқаудың нәтижесі бойынша, Қазақстан қажыларын Меккеге апаратын туристік компаниялар бекітілді.

Қазақстандықтарды 2026 жылы қажылық сапарға отандық Air Astana мен Scat, саудиялық Flyadeal және кувейттік Jazeera әуе компаниялары тасымалдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу