Қажылық парызын өтеуге барған 8 өзбекстандық көз жұмды

366

Ресми дерекке сай, биыл 15 мыңнан астам өзбекстандық қажылық парызын өтеді. 

Қажылық парызын өтеуге барған 8 өзбекстандық көз жұмды Фото: islam.kz

Сауд Арабиясына қажылық парызын өтеуге барған Өзбекстанның 8 азаматы көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өкінішке қарай, Өзбекстан үкіметі тарапынан қабылданған тиісті шараларға қарамастан, созылмалы дерті бар 4 отандасымыз қажылық кезінде қайтыс болды. Сонымен қатар осы аралықта құзырлы органдардың ескертуін елемей, Сауд Арабиясына заңсыз барған 4 Өзбекстан азаматы қаза тапты. Заңсыз жолдарды пайдалана отырып, аталған елдің аумағына енген өзбекстандықтарға алғашқы медициналық көмек көрсетілмеді", – делінген Сыртқы істер министрлігіне қарасты "Dunyo" ақпарат агенттігінің хабарламасында.

Құжатын жоғалтқан 40-тан аса адам Джидда қаласындағы Өзбекстанның Бас консулдығына өтініш жолдаған. Тиісінше, оларға отанына оралуға рұқсат беретін куәліктер берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу