Қажылыққа апарамын деп адамдарды алдаған турфирма басшысы ұсталды

83

Қылмыстық іс алаяқтық дерегі бойынша тергелуде. 

Қажылыққа апарамын деп адамдарды алдаған турфирма басшысы ұсталды Фото: ислам.ру

Алматыда қажылыққа қатысты алаяқтық әрекеті анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл қылмысты жасады деген күдікпен Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Ол өзін туристік фирманың басшысы ретінде таныстырып, умраға қажылыққа жөнелту бойынша қызмет көрсететін жалған келісімшарттар жасаған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктіге кемінде төрт адам көмектескен. Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Күдікті қамауға алынды.

Полицияға 33 адам ресми арызбен жүгінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу