Қажылыққа аттанғалы отырған бір топ адам алданып қалды

1129

Жолға шыға алмай отырған жолаушылар Мекке мен Мәдинадағы қонақ үй түгілі, ұшаққа билет алынбағанын енді біліп отыр. 

Қажылыққа аттанғалы отырған бір топ адам алданып қалды Фото: КТК арнасы, видеодан

Шымкентте қажылыққа барамыз деген бір топ азамат бір аптадан бері ұша алмай жүр. Олар "Кәусар Трэйвел" деп аталатын турфирмадан 1 мың долларға жолдама сатып алған.

Олардың айтуынша, бұл турфирманың жарнамасын әлеуметтік желілерде эстрада жұлдыздары мен белгілі айтыскер ақындар жасаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Кеше білдік, әуежайға да барып біліп жатырмыз, таныстар да хабарласып жатыр. Бронь да жоқ, виза да жоқ, тас та жоқ, бақа да жоқ. Бірақ ватсапта жазып жатыр, "ұшасыздар, ұшасыздар, хақ, иншалла, машалла, ұшасыздар, хақ", айтқан сөзі. "Хақ, хақ" дейді, қане хағы? .Маған мың долларыма мың доллардың үстіне 2 мың доллар ғып маған моральдық шығынмен қосып төлесін. Төлемей ме, мен көрсетемін" -  деді Шымкент тұрғыны Қалдықыз Шекербек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу