Қажылыққа аттанғандардың алғашқы легі елге оралды

1571

Биыл елімізден қажылыққа аттанғандардың ең кішісі 16 жаста болса, ең жасы үлкені 96-да.

Қажылыққа аттанғандардың алғашқы легі елге оралды

Қазақстан қажыларының алғашқы тобы Алматы халықаралық əуежайына келді. Мəдина-Алматы бағыты бойынша ұшқан 437 қажы елге дін аман оралды, деп хабарлайды  muslim.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық бөлімінің меңгерушісі Айдар Салқынбаевтың айтуынша, жерлестеріміз көп бөгелместен кедендік  бақылаудан өткен. Ұшу рейстері кестеге сай жүзеге асуда.

Бүгінде отандастарымыз Мəдина қаласында құлшылық жасап, тарихи орындарды зиярат етуде. Оларға жолбасшы (гид) мамандар мен имамдар тиісті нұсқаулықтар беруде. Қажылар орналасқан қонақүйлерде мүфтият бекіткен тақырыптар негізінде уағыз-насихат жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы маусымда қажыларға 3000 квота бөлінген. Қасиетті қалаға қажыларды қазақстандық Scat әуекомпаниясы мен Сауд Арабиялық Fly Nas компаниялары тасымалдады.

Биыл елімізден қажылыққа аттанғандардың ең кішісі 16 жаста болса, ең жасы үлкені 96-да.

"Қажылардың жағдайлары жақсы, -дейді жауапты өкілдер. – Тек бір адамның иығы шығып кеткен оқиға тіркелді, алайда жергілікті медицина қызметкерлері дереу көмек көрсетті".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу