Қажылыққа баратын адамдарға менингокок жұқпасына қарсы екпе жасалады

635

Қажылыққа баратын адамдарға менингокок жұқпасына қарсы екпе жасалады

Қажылыққа баратын 2 мың адамға менингитке қарсы екпе жасалады. Бұл туралы бүгін еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қажылыққа баратын адамдардың барлығына да менингокок жұқпасына қарсы екпе жасалады. Ағымдағы жылы да біз қажылыққа баратын 2 мың адамға екпе жасауды жоспарлап отырмыз", - деді ол үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.

Сонымен қатар ол Алматыда бірнеше менингит оқиғасының тіркелуіне байланысты барлық мәдени-бұқаралық шаралар, әсіресе жабық, ауасы баяу алмасатын орынжайлардағы шараларға шектеу қойылғанын айтты.

"Қазір Ораза айы. Біздің көптеген діндарларымыз намазға және ауызашарға барады. Осы ретте бүкіл еліміздегі мешіттердің имамандарына діндарларға барынша жайлы жағдай жасауға кеңес береміз", - деді Жанбарбек Бекшин.

Оның айтуынша, барлық мәдени-бұқаралық шараларды мүмкіндігінше таза ауада өткізген жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу