Қажылыққа барып алданған қазақстандықтар сол елде рұқсатсыз жүр

2022

Жақында ғана 300-ге жуық қазақстандық Қағбаға жете алмай, қажылықты орындай алмады. Олар Сауд Арабиясында құжаттарға байланысты ұсталып, полиция бөліміне түскен. 

Қажылыққа барып алданған қазақстандықтар сол елде рұқсатсыз жүр Фото: jasqazaq.kz

Қазақстандықтардың бірі сол полиция учаскесінен біздің елшілікке қоңырау шалып, көмек сұраған, деп жазады inbusiness.kz Айбек Смадияров мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Қазақстандық турфирма жүзден астам адамға туристік виза рәсімдеген, бірақ қажылық жасауға мүлдем басқа рұқсат құжаты бекітілген.

"Қоңырау келіп түскеннен кейін біздің дипломаттар дереу учаскеге жеткен, полиция қызметкерлерімен сөйлесіп, оларды босатуға рұқсат алды. Олар бірнеше автобуспен қаланың әр шетіндегі қонақүйлерге жеткізілді, бірақ жолда көбісі көліктен түсіп, қашып кеткен, бәлкім қазір заңсыз қажылық жасап жүрген шығар", - деді А.Смадияров.

Ал елшілікпен тікелей байланысқа шыққан жүз шақты адам жақын арада, 5 шілде елге жеткізіледі. Компания өкілі сол елде қалып, қазір азаматтарымыздың оралуына көмек көрсетіп жатыр. 

"Кейбіреулері полиция учаскесінен шыға салысымен билет алып, үйлеріне қайтып кетті. Сол азаматтар елге түскен бойы құқық қорғау органдары арқылы турфирмаға шағым түсіре алады", - деп түйіндеді СІМ ресми өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу