Қажылыққа ниеттенген жүздеген адамды әлекке түсірген кәсіпкер қамауға алынды

1150

Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қажылыққа ниеттенген жүздеген адамды әлекке түсірген кәсіпкер қамауға алынды Фото: jambylinfo.kz

Қалалық прокуратураның мәліметінше, күдіктінің үстінен Еңбекші ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Тергеу жүріп жатыр.

"Шымкент қаласының тұрғындары "Kausar Travel" туристік агенттігінің директорына алаяқтық фактісі бойынша шара қолдану туралы ұжымдық өтінішпен жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша күдікті Шымкент қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қала прокуратурасы қылмыстық істің материалдарын және ұстаудың негізділігін зерделеп, тергеу органының сот алдында қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішін қолдады. Сот қарауының қорытындысы бойынша күдікті адамға қатысты таңдалған бұлтартпау шарасына санкция берілді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды", - делінген қалалық прокуратураның хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу