Қажылыққа ұшқан қазақстандықтар елге қайтарылады

2159

27 ақпанда 50 отандасымыз "Қызмет Саяхат" туристік операторының көмегімем қажылыққа аттанған болатын. 

Қажылыққа ұшқан қазақстандықтар елге қайтарылады

Туроператор өкілінің айтуынша, отандастарымыз Turkish Airlines әуе компаниясымен ұшырылған екен. Қазір барлығы да Стамбул қаласында. Енді олар осы әуе компаниясымен 1-2 күнде елге қайтарылмақ.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Сауд Арабиясының билігі Мекке қаласында кіші қажылықты, яғни ұмра жасауға келемін дейтіндердің корольдікке кіруіне тыйым салды. Сондай-ақ Мәдинадағы Мұхаммед пайғамбар жерленген жерге туристердің келуіне уақытша рұқсат берілмейтін болды. Корольдіктің Сыртқы істер министрлігі коронавирустың таралу қаупі жоғары елдердің азаматтары үшін туристік және ұмра визаларының берілуін де  уақытша тоқтатты. Сондай-ақ тек коронавирустың таралу қаупі бар елдерден келген туристік визалардың иелеріне ғана емес, әлемнің әр түпкірінен келген туристерге елге кіруге тыйым салды.

Жаңа коронавирус қазір Таяу Шығыста да өршіп тұр. Соңғы дерек бойынша, Иранда 140 адам вирусты жұқтырса, 19 кісі қаза тауыпты.

Ал Иранмен арадағы шекараларын Ирак, Түркия, Ауғанстарн, Пәкістан және Армения елдері жауып тастады. Сонымен қатар Сауд Арабиясы, Кувейт, БАӘ, Иордания және Грузия елдері тұрғындарының Иранға саяхаттауына шектеу салды.

"Діни басқарма тек үлкен қажылықты бақылауында ұстайды екен. Ал ұмра бәсекелестік ортаға, яғни туристік фирмаларға беріліпті. Болашақта ұмраны да қолға алу жоспарда бар. Сондықтан Сауд Арабиясы туристік фирмаларға шектеу қойса, олар адамдарды корольдікке апара алмайды", - дейді ҚМДБ "ақпарат және қоғаммен байланыс" бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу