Қажымұқанның 150 жылдығына орай мемориалдық кешен салынады

605

Заманауи үлгіде бой көтеретін нысанның құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қараша айында басталып, 2021 жылдың қазан айында пайдалануға берілмек.

Қажымұқанның 150 жылдығына орай мемориалдық кешен салынады

Түркістан облысы Ордабасы ауданында Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай қазақ даласы батырының атына мемориалдық кешен салынады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Батыс Қытай – Батыс Еуропа" халықаралық көлік дәлізі бойында салынатын мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5 гектарды құрайды. Нысан кітапхана, көрме залы, қонақ үй, асхана, конференц залы, спорт залы, спортшылардың киім ауыстыруға, жуынуға арналған және басқа да қажетті бөлмелермен қамтылатын болады. Ғимараттың аумағы жасыл-желекпен абаттандырылып, орындықтар мен жарықшамдар орнатылады. Сондай-ақ, жобада балаларға арналған ойын алаңшасы мен автотұрақ та қарастырылған.

Айта кетейік, кешенде спорттың бірнеше түрімен шұғылдануға, түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге ыңғайлы болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу