Қажымұқанның ерлігін төрт жылқы көтеріп қайталамақ

1487

Қажымұқанның ерлігін төрт жылқы көтеріп қайталамақ

Қажымұқан Мұңайтпасов туған топырақта дүниеге келген, Қазақстанның белгілі рекордшы Сергей Цырульников жылқыны енді иыққа емес тіске салып көтеретінін мәлімдеді. Бұған дейін күш иесі өкпе және бұлшық еттерінің күшін көрсетіп, 7 медициналық резеңкелі жылытқыларды 58 секундта жарды. Бұл Қазақстан рекордтар кітабының өкілдерімен бекітілген Қазақстан және әлем рекорды болды, деп хабарлайды ortcom.kz.
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде журналистермен кездескен Сергей Цырульников Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақты үлгі тұтатынын айтты. Сонымен қатар, қазақы рухтың адамға рухани және физикалық күш беретініне сенетінін жеткізді.
"Қазақ даласының өз батырлары болған және бар. Бізге батысқа еліктеудің еш қажеттілігі жоқ. Өзім Қажымұқан Мұңайтпасовтың жерлесі болғаныма мақтанамын. Оның ел білетін барлық трюктарын орындап шықтым. Қажымұқанмен француз күресінде чемпион болған тұңғыш қазақ ретінде мақтануымыз керек", – деді ол.
Қара күш иесі жақында жаңа рекордтар болатынын мәлімдеді. Өз замананында екі жылқыны көтерген Қажымұқанның ерлігін, төрт жылқыны көтерумен қайталайтынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу