Казинода 4 млн доллар ұтып алған азаматтың қуаныштан жүрегі тоқтап қалды

4465

Қазір ол ауруханада жатып, өз-өзіне келуде. 

Казинода 4 млн доллар ұтып алған азаматтың қуаныштан жүрегі тоқтап қалды Фото: point.md

Сингапурде казинода джекпот ұтып алған ер адамның жүрегі тоқтап қалды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты жергілікті Locmat Times басылымына сілтеме жасап.

Бастапқыда кейбір ақпарат құралдары ер адамның оқиға орнында көз жұмғанын айтқанымен, дәрігерлер бұл ақпаратты жоққа шығарды. Оның расымен жүрегі тоқтап қалған, қазір ол ауруханада жатып, өз-өзіне келуде.

"Оқиға елдегі әйгілі казинода болған. Ол жерде бақытты жан төрт миллион доллар джекпот ұтқан. Эйфорияны бастан кешірген куәгерлер бастапқыда қуанғанымен, кейіннен ер адамның қуаныштан жүрегі жарылып кете жаздағанын айтты", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу