Казиноға барғандар 5 жылға сотталуы мүмкін

679

Қырғызстан құмар ойынның жетегінде кеткендерге заңды қатаңдатпақ.

Казиноға барғандар 5 жылға сотталуы мүмкін Фото: pexels

Казиноға барған Қырғызстан азаматтарын бес жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр. Бұл туралы парламенттің бюджет, экономикалық және фискалдық саясат комитетінің отырысында депутат Марлен Маматалиев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Қырғыз депутатының айтуынша, жақын арада тиісті заң жобасы Жогорку Кенешке жіберіледі.

"Казино, букмекерлік кеңселер енді бір жерде жұмыс істейтін болады. Бұл мекемеге Қырғызстан азаматы барса, лицензиясынан айырылады. Екіншіден, сарапшылар тобында азаматтарға айыппұл салып қана қоймай, екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру керек деген ұсыныс айтылды. Бұл жағдайда Қырғыз Республикасының бір де бір азаматы казиноға бармайды деп ойлаймын", - деді халық қалаулысы. 

Айта кетейік, "Қырғыз Республикасындағы ойын қызметі туралы" заңға сәйкес 21 жасқа толмаған Қырғызстан азаматтары, шетелдіктер немесе мүмкіндігі шектеулі азаматтар ойын мекемесінің клиенті бола алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу