Қазинвесбанкті тарату туралы сот шешімінен кейін ҚДКБҚ салымшылармен жұмыс жүргізетін банкті анықтайды

718

Қазинвесбанкті тарату туралы сот шешімінен кейін ҚДКБҚ салымшылармен жұмыс жүргізетін банкті анықтайды

Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ), жұмыс істеп тұрған қазақстандық банктер ішінен агент-банкті таңдап жариялайды және аталған агент-банк "Казинвестбанк" АҚ салымшыларына өтемді төлеуді және есеп айырысу бастайды, деп хабарлады ҚДКБҚ.

Заңнамаға сәйкес, бұл банк қаржылық жағдайы тұрақты, ауқымды филиалдық желісі мен инфрақұрылымы арқасында, салымшыларға қызмет көрсетуге бүкіл ел бойынша мүмкіндік береді. Бұл банк "Казинвестбанк" АҚ салымшыларымен ҚДКБҚ атынан және есебінен жұмыс істейтін болады.

ҚДКБҚ таңдалған агент-банкті жарияланғаннан кейін, салымшылар аталған банктің бөлімшелеріне барып кепілдік берілген өтемді төлеу туралы арыз жазады. Құжаттар агент-банкке келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей агент-банкпен өтемді төлеу іске асырылатынын атап көрсеткен.

Кепілдіктің ең жоғары мөлшері ұлттық валютадағы депозиттер бойынша – 10 миллион теңге; шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңге.

"Өтемдер негізгі сома шегінде ғана жүзеге асырылады, банктің есептелген сыйақысына кепілдік берілмейді. Егер де банк салымы шартында сыйақыны капиталдандыру көзделсе, онда капиталандыру сыйақысы негізгі депозит сомасына қосылады және кепілдік объектісіне айналады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу