Қазір ауылдық жерде әрбір бесінші адамда интернет бар

1309

Ауылдық жерді интернетпен қамту: ауылдық жерлердегі абоенттердің саны бір жылда 9%-ға өсті, ал Қазақстан бойынша жалпы өсу 1%-дан аз.  

Қазір ауылдық жерде әрбір бесінші адамда интернет бар

Еnergyprom.kz мәліметі бойынша, елімізде тіркелген интернет абоненттерінің санының өсу қарқыны төмендеген, соңғы жылы олардың саны 0,6%-ға, яғни 2,5 млн адамға ғана өскен, деп хабарлайды abctv.kz.

Ал ауылдық жерде интернетке тіркелген абоненттер саны бір жылда 9,2%-ға артты. Осының нәтижесінде ауылдың үлесі бір жылда 19,1%-дан 20,7%-ға өскен.

Интернетке тіркелген абоненттердің ең көбі Астанада – 666,7 мың адам, екінші орында  394,9 мың адаммен Алматы тұр. Бұл үштікті 176,4 мың абоненті бар Алматы облысы толықтырып отыр.

2018 жылдың қаңтар-тамызында интернет-байланыс қызметінің көлемі 112,7 млрд теңге болған, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 6,3%-ға көп.

 Ауылдық жердегі қызмет көлемі бір жылда 5,1%-ға, 9,4 млрд теңгеге дейін өсім көрсеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу