Қазір Қазақстандағы 33 банктің 18-і ипотека береді

865

Қазір Қазақстандағы 33 банктің 18-і ипотека береді

Қазір Қазақстандағы 33 банктің 18-і ипотека береді. Соның ішінде 12-сінің алғашқы салымы 30%-ға дейін болса, олардың орташа жылдық үстемесі 17,4%, деп хабарлайды naryk.kz.

Жаз басында "Нұрлы жер" бағдарламасы ипотекалық нарыққа жаңалық әкелген. Коммерциялық банктердің ипотекалық қарыздарын субсидиялау басталған. Нәтижесінде халық тек жылдық 10% үстеме ғана төлейтін болды. Ал қалған үстемені мемлекет өз мойнына алды.

Бл бағдарламаның банктерге қоятын негізгі талабы — бағдарламаға қатысу.

Ипотекалық қарызды субсидиялау бойынша алғашқы үшжақты (Қазақстанның ипотекалық компаниясы/банк/қарыз алушы) келісімшарт ЦентрКредит банкінде жасалған. Тамыз соңына қарай оның қатарына АТФБанк, Сбербанк пен ВТБ қосылса, кейін тағы төрт банк бағдарламаға қатысатындықтарын мәлімдеді.

Субсидия алғаннан кейінгі базалық үстеме барлық банктерде бірдей — 10%.

Осы бағдарламадан кейін халықтың ипотекаға тәбеті қайта ашыла бастады. Маусым мен шілде айларында ипотекалық қарыз портфель көлемі 24 млрд теңгеге ұлғайып, 1,02 трлн теңгеге жетті. Ал жылдық өсім 15 пайызға артты.

Айта кетейік, жыл сайын Нұрлы жер бойынша банктердің қарызын субсидиялау үшін 10 млрд теңге бөлініп отырмақ.

ҚИК мәліметінше, бүгінге дейін Нұрлы жердің осы бағдарламасына қатысу үшін 283 өтінім келіп түскен. Соның ішінде құны 2,4 трлн теңге болатын 247 өтінім мақұлданылған.

Банктер бойынша осы бағдарламаға ең көп қатысып жатқаны ЦентрКредит банкі, екінші орында Сбербанк, үшінші орында АТФ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу