Қазір күніне 850 мыңға жуық маска тігілуде – Абаев

1182

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі маска тігу мен сату арнайы тіркелуді талап етпейтінін айтты.

Қазір күніне 850 мыңға жуық маска тігілуде – Абаев

"Қазір күніне 850 мыңға жуық маска тігілуде. Бұл маскаларды Денсаулық сақтау министрлігі барлық өңірлерде таратуда. Маскаларды фармацевтикалық компаниялармен бірге тігін цехтары да тігуде. Қазір елімізде 70 тігін цехы маска тігіп жатыр. Айта кететін мәселе, маска тігу мен сату арнайы тіркелуді талап етпейді. Себебі, бұл медициналық тауар емес және техникалық регламентпен реттелмейді", – деді Абаев. 

Министр коронавирус жұқтырған екі қазақстандықтың аурудан айыққанын мәлім етті. Сонымен қатар карантин кезінде тегін азық-түліктің кімдерге берілетінін де жариялады. Ол мұндай көмек алатындардың 4 санатқа бөлінетінін жеткізді:  
"Бірінші санаттағылар – АӘК алатын жағдайы төмен отбасындағы жасы 6 мен 12 аралығындағы балалар. 2,3,4 санаттағылар – бұл карантиндік аймақта тұрып жатқан АӘК алатын кәмелеттік жасқа толған отбасы мүшелері, олардың қатарында көпбалалылар бар, сонымен қатар бірінші және екінші топтардағы барлық жастағы мүгедектер, мүгедек балалар мен оларды бағатын ата-аналары", – деді Абаев. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу