Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"ҚазАвтоЖол" ҰК жабылған республикалық маңызы бар жолдар туралы жаңартылған ақпаратты таратты.
Атап айтқанда:
Батыс Қазақстан облысы
22 ақпан сағат 16:00-де
– "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 394-273 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Жымпиты ауылы – Барбастау ауылы) жүк көліктерімен қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 23 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Сағат 16:30-да
– "Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы" автожолының 394-526 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Жымпиты ауылы – Ақтөбе облысы шекарасы) көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылады.
Ақтөбе облысы
– "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 526-618 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Батыс Қазақстан облысы шекарасы – Қобда ауылы) көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 23 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Сағат 17:45-те
– "Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы" автожолының 618-702 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Қобда ауылы – Маржанбұлақ ауылы); Жолды 2025 жылғы 23 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Сағат 18:00-де
Ақмола облысы
– "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" 856-915 шақырым аралығы (СҚО шекарасы – Жақсы ауылы).
Ақтөбе облысы
– "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 526-618 шақырым аралығы (БҚО шекарасы – Қобда ауылы);
– "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 618-702 шақырым аралығы (Қобда ауылы – Маржанбұлақ ауылы);
– "Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы" автожолының 14-255 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы – Қарауылкелді ауылы);
– "Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы" автожолының 255-337 шақырым аралығы (Қарауылкелді ауылы – Атырау облысының шекарасы).
Атырау облысы
– "Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы" автожолының 337-492 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Мақат ауылы);
– "Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы" автожолының 492-508 шақырым аралығы (Мақат ауылы – Доссор ауылы);
Батыс Қазақстан облысы
– "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 273-394 шақырым аралығы (Барбастау ауылы – Жымпиты ауылы).
– "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 394-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылы – Ақтөбе облысының шекарасы).
– "Орал – Тасқала – РФ шекарасы" автожолының 4-104 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Орал қаласы – РФ шекарасы);
Жетісу облысы
– "Үшарал – Достық" автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктума ауылы – Достық стансасы).
Солтүстік Қазақстан облысы
– "Астана – Атбасар – Жақсы-Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" 846-856 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Тахтаброт ауылының бұрылысы). Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 240 арнайы техника мен 615 маман жұмылдырылды.
Ақтөбе облысы
Сағат 19:10-да
– "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 618-702 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Қобда ауылы – Маржанбұлақ ауылы) көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 23 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.