KazIrAgro компаниясы тәулігіне 30 тонна мақсары майын өндіреді

889

KazIrAgro компаниясы тәулігіне 30 тонна мақсары майын өндіреді

Бүгінде Қазақстан мен Иранның бірлескен жобасы болып саналатын KazIrAgro компаниясы тәулігіне 30 тоннаға дейін мақсары майын өндіруге қауқарлы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҮИИБ бағдарлама жобалары аясында Жамбыл облысында жүзеге асырылып жатқан KazIrAgro мақсары май өндірісі зауытының қуаттылығы күн сайын артып келеді. Май зауыты Шу ауданында орналасқан.

"KazIrAgro" компаниясы 2011 жылы сафлор майын шығару үшін Германияда шығарылған жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталған. Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметі хабарлағандай,  жобаның жалпы құны 5,7 млн долларды құрайды.

"Зауыт қазір толық жобалық қуаттылыққа шықты. Бүгінгі күні мақсары, арпа, бидай және рапс 3,5 мың гектар жерде өсіріледі. Компания жыл өткен сайын өнім көлемін де арттыруды жоспарлауда. 2016 жылы 190 тонна май өндірілген. Жобаны іске асыру аясында 22 адам жұмыспен қамтылды", - делінген баспасөз баянында.

2014 жылдан бастап табиғи таза өнім Голландия, Бельгия мен Қытайға экспортталуда. Мемлекеттік бағдарлама аясында  компания 115 млн теңге қарыз алып, жабдықтарын жаңартқан. Жалпы экспорт көлемінің ұлғаюы зауыт өндіріс көлемін көбейтуге мүмкіндік береді.  Жамбыл облысы әкімдігі өңірдің экономикалық көрсеткіштері, өндірілген өнім көлемі, шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметтері жыл сайын артып келе жатқандығын атап айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу