Қазіргі әлем өте құбылмалы әрі нәзік бола түсті – Нұрсұлтан Назарбаев

1130

Елордада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтіп жатыр.

Қазіргі әлем өте құбылмалы әрі нәзік бола түсті – Нұрсұлтан  Назарбаев

Этникалық қақтығыстар ең қуатты деген мемлекеттерді құлдыратуға алып келеді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан  Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Талдау мәліметтеріне қарағанда, этникалық қақтығыстар ең қуатты деген мемлекеттердің өзін құлдырауға алып келеді. Бір кездері ұлттық, діни саясаттағы қателіктер ауыр тарихи драмаға себеп болады. Мемлекет бола алмаған елдердің өкінішті тәжірибесі кезінде сол жердегі адамдар бірлікті, келісімді және өзара түсіністікті сақтай алмағанын көрсетеді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы қазіргі әлем өте құбылмалы әрі нәзік бола түскенін атап өтті.

"Күн сайын жақсы өмір жолында бірнеше ондаған мың адам өз үйлерін тастап кетіп жатыр. Өткен айларда көші-қон жағдайына бақылау жүргізген едік. Бүгінде жерде мигранттар саны 250 миллионнан адамнан асып түсті, оның ішінде 70 миллионға жуығы  – босқындар. Олар үйлерін тастап, балаларымен қайғының ащы тәмін татып, белгісіз елдерді шарлап жүр. Ауқымды миграциялық толқындар әлеуметтік-саяси балансты, көптеген елдердегі тұрмыс салтын күрт өзгертуде", – деді Тұңғыш Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу