22 қаңтар күні UIPM баспасөз қызметі қазіргі бессайыстан 7-13 маусымға жоспарланған Минскідегі әлем чемпионатының басқа аймақта өтетінін мәлімдеді.
Халықаралық одақтың атқарушы комитеті аталған жарысты Беларусь астанасында мейілінше ыңғайлы уақытта өткізетінін хабарлаған.
"Минскіден ауыстырылған әлем чемпионатының нақты қай жерде өтетіні әзірге белгісіз. Халықаралық ұйым алдағы бір апта ішінде шешім қабылдап, ақпан айының басында біріншілік өтетін жерді жариялауы тиіс", - дейді одақтың вице-президенті Вячеслав Аминов.
Айта кетелік, қазіргі бессайыстан 2021 жылғы әлем чемпионаты Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі саналады.