Қазіргі бессайыстан жастар арасындағы әлем чемпионаты кейінге шегерілді

658

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты да ауыстырылуы мүмкін. 

Қазіргі бессайыстан жастар арасындағы әлем чемпионаты кейінге шегерілді Фото: olympic.kz

Халықаралық қазіргі бессайыс одағы (UIPM) 2020 жылы Мысырда өтуге тиіс жастар арасындағы әлем чемпионатын кейінге шегерді, деп жазады Olympic.kz. 

Аталған әлемдік дода 4-10 қазан аралығында өтуге тиіс болатын. UIPM атқарушы комитеті аталған шешімді коронавирус қаупіне байланысты қабылдаған.

"Атқарушы комитетте жарысты кейінге қалдырудан басқа амал қалмады. Әлемдегі әуе шекаралары әлі толық ашылған жоқ", – дейді федерация өкілдері. 

Сондай-ақ, қазіргі бессайыстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты да ауыстырылуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу