Қазіргі бюджеттік саясат Ұлттық қор қаржысын ұлғайтуға ықпал етпейді

200

Ұлттық қорда 60 миллиард доллар жинақталған.  

Қазіргі бюджеттік саясат Ұлттық қор қаржысын ұлғайтуға ықпал етпейді Фото: senate.parlam.kz

Үкімет өзінің шұғыл міндеттерін шешу үшін Ұлттық қор қаражатын қосымша пайдаланып келеді. Бұл туралы сенатор Сергей Карплюк айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2023 жыл Ұлттық қор кірістілігін рекордтық 11,38% деңгейінде көрсетті. Бұл Ұлттық қордың қаражатын да, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша жинақтау көлемін арттырды. Бұл ретте жүргізіліп жатқан бюджеттік саясат Ұлттық қор қаражатын ұлғайтуға ықпал етпейді. Ұлттық қордан бөлінетін трансферттерден бөлек, одан бюджеттен тыс қаржы алу жағдайлары кездеседі. 2023 жылы республикалық бюджетке дивиденд түрінде қайтарылған "ҚазМұнайГаздың" 1 трлн теңгеге акциясы сатып алынды. Теміржол учаскесінің құрылысын қаржыландыру үшін "Самұрық-Қазынаға" 336,5 млрд теңгеге облигациялық қарыз берілді. Үкімет өзінің шұғыл міндеттерін шешу үшін Ұлттық қордың қаражатын қосымша пайдаланады", - деді сенатор Сергей Карплюк.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бүгінде Ұлттық қорда бар болғаны 60 миллиард доллар жинақталғанын айтты. 

"30 жыл бойы мұнай, шикізат экспорттап келе жатқан ел үшін бұл өте аз сома. Мәселен, Теңіз кен орнында жұмыс істейтін "Шеврон" компаниясының капиталы 300 млрд долларды құрайды. Яғни, бір орташа америкалық компанияның капиталы 25 жыл ішінде жинақталған бүкіл егеменді қорымыздан 5 есе көп. Бұл нені аңғартады? Егер біз жыл сайын әртүрлі тәсілмен трансферттер, облигациялар арқылы белсенді түрде қаражат алмасақ, 100 миллион, мүмкін 100 миллиард, 150 миллиард болуы мүмкін еді", - деді Мәулен Әшімбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу