Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 13 183 шетел азаматы жұмыс істейді

359

Қазақстандағы шетелдік жұмыскерлерге бөлінген квота жұмыс күшінің 0,23%-ын құрайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 13 183 шетел азаматы жұмыс істейді Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктері бойынша Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға квота мөлшерін бекітіп, бөледі. 2024 жылы бөлінген жалпы квота саны еліміздегі жұмыс күшінің 0,23%-ын немесе 22 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

2024 жылы ШЖК-ны жұмысқа тарту бойынша 4 санатта квота бөлінді: бірінші санат бойынша 906 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 5 054 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 10 786 және 2 888 бірлік. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 366 адамға дейін жұмыс күші тартылуы мүмкін.

Бұдан басқа, 2024 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек иммигранттарды тартуға арналған квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 3,1% немесе 271,3 мың бірлік мөлшерінде белгіленген.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге ШЖК тарту үшін 14,5 мың рұқсат берді және ұзартты, бұл қайта бөлінген квотаның 78,5% - ын (18 мың) құрады.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша 13 183 шетел азаматы жұмыс істейді.

2023 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек иммигранттарын тартуға 305,8 мың бірлік квота белгіленді. Ал жергілікті атқарушы органдар 295 261 рұқсат берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу