Қазіргі жүйе сертификатты жалған өндірушілердің алуына жол беріп отыр – Үкімет басшысы

197

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. 

Қазіргі жүйе сертификатты жалған өндірушілердің алуына жол беріп отыр – Үкімет басшысы Фото: gov.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов бүгінгі таңда жүйе арқылы жалған өндірушілерге сертификаттар беру жағдайлары кездесетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олжас Бектенов қазіргі сертификаттау жүйесінде кейбір жалған өндірушілер бар екенін айтты.

"Өзіңіз айтқандай, ешкім ештеңені құпияда ұстамайды. Керісінше осы реестрге нақты өндірушілердің енгізілуі үшін барынша ашық боламыз. Өкінішке қарай, бүгінде жүйе арқылы СТ-KZ және индустриялық сертификаттар жалған өндірушілерге беріліп жатқанын білеміз. Оның ішінде, "Атамекен" палатасы арқылы жасалып жатқандар да бар. Сол себепті бізге бұл жүйені бірге жаңғырту керек. Сіздер бұл жұмысқа міндетті түрде атсалысуларыңыз қажет", - деді Үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу