Казком банкрот болған жоқ

1124

Казком банкрот болған жоқ

Казком әлеуметтік желіде және WhatsApp месенджері арқылы тараған Қазкомның банкроттығы туралы сыбысқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

"2017 жылдың шілдесінде Қазком Халық банкінің еншілес банкіне айналды. Соның арқасында Halyk қаржы тобы ТМД аумағындағы ең ірі үш қаржы құрылымынының қатарына кірді. Halyk-тің қаржылай қолдауымен Қазком жеке қаржы институты ретінде жұмыс атқара алады. Сонымен қатар, Ұлттық банктің капитал жеткіліктілігі және өтімділігі туралы талаптарына сай келеді. Өнімдеріміздің шартының барлығы баяғы қалпында. Банк клинттер алындағы барша міндетін толық атқарып жатыр",-деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Банк бұл сөздердің шындыққа жанаспайтынын, белгісіз біреулердің арандатушылығына ермеуге кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу